19 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар
Шымкенттегі жоғары оқу орнының бірі жабылуы мүмкін
Қаптаған жекеменшік университеттер балаға білім бере ме?
qamshy.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы білім беру үшін көбейіп кеткен жоғары оқу орындарын біріктіру немесе оларды тексеру туралы тапсырма бергені белгілі.
Осы уақытқа дейін тексеруден өткен 5 оқу орны қызметін тоқтатқаны белгілі. Оған енді тағы бір жоғары оқу орны қосылуы мүмкін. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкіметтің жиынында мәлім етті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. .
–Біз осы уақытқа дейін республикадағы 5 жоғары оқу орнының лицензиясын тоқтаттық. Енді тағы бір жоғары оқу орнының лицензиясынан айыру туралы сотқа іс қағаздарын жолдадық. Аталған оқу орнында заң бұрмалаушылықтар көп. Білім процесі жеткілікті дәрежеде өткізілмейді. Студенттер сабаққа қатыспайды. Оқытушылар да толық емес. Басқа да заң бұрмалаушылықтар бар. Бұл Шымкенттегі оқу орындарының бірі,– деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Бірақ ол Шымкенттегі қай оқу орны? Бұл туралы Білім министрі ашып айқан жоқ. Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындары өздігінен жабылғаны жөн немесе олардың біріктірілгені дұрыс деген пікірде. Аймағамбетов сонымен қатар, кейбір оқу орындарының колледжге айналу мүмкіндігін де жоққа шығармады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір